CENTRASIA HEAVY INDUSTRIES
en ru kz
2023 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

2023 жылдың 6 айында өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 жұмысшыға шаққанда жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті) 0,09 құрады.

Жарақаттанудың жоғары деңгейі елдің өнеркәсіптік аймақтарында сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында 79 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 53, Абай облысында – 50, Қостанай облысында – 44, Павлодар облысында – 46, Ақтөбе облысында – 40, Алматы қаласында – 50 адам зардап шекті.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 21,8% және құрылыс саласында – 10,6% байқалады.

Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер: жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,3%); жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз деңгейде ұйымдастыру (27,1%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (9,3%); автожол жүрісі қағидаларын бұзу (8,4%)болды;

Бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.

Сондай-ақ, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп мүгедектігі бар адамдарды «Халық бақылаушылары» ретінде тартуды көздейтін «Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізілуде. Бүгінгі таңда жобаны іске асыруға республиканың 252 кәсіпорны қосылды, онда 600-ден астам қызметкер ішкі бақылауды жүзеге асырады.

2019 жылдан бастап Министрлік «Нөлдік жарақат - Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда оған 440 кәсіпорын қосылды.

Бұдан басқа, «Онлайн еңбек кеңесшісі» электрондық сервисі іске қосылды, ол еңбек туралы заңнаманы сақтаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыскерлермен және жұмыс берушілермен қашықтықтан өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Сервис жұмыс берушінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуін көздейді. Сервис іске қосылған сәттен бастап оны 23 420 жұмыс беруші пайдаланды.

АТЫРАУ ФИЛИАЛЫ
КАТАР ФИЛИАЛЫ
КАТАР ФИЛИАЛЫ
АҚСАЙ ФИЛИАЛЫ