«Hazard Hunt» бағдарламасы
Компанияның негізгі бастамаларының бірі жұмыс орнындағы қауіпсіз және қауіпті әрекеттердің сақталуын, сондай-ақ еңбек жағдайларының жай-күйін бақылау үшін арнайы әзірленген Hazard hunt бағдарламасы болды. Бұл бағдарламаның мақсаты еңбек жағдайларын жақсарту және тұтастай алғанда компанияда қауіпсіздік мәдениетін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Бұл бағдарламаға әрбір қызметкер, сондай-ақ мердігер ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың мотивациялық факторы ретінде компания ұялы телефондар, рюкзактар, футболкалар, жүннен жасалған курткалар, термалды кружкалар, сымсыз құлаққаптар, батареялар және т.б. сияқты материалдық сыйлықтар ұсынады. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар еңбек жағдайларын жақсартуға қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталады.